БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРАШЫҒАНАҚ МҰНАЙГАЗКОНДЕНСАТТЫ КЕН ОРНЫНДАҒЫ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ӨҢДЕУ КЕШЕНІ» БАЗАСЫНДА ШЕШІМІН ТАБУ ЖОЛДАРЫ

Ахметжан Самал Закиқызы1, Қойшекен Б.Т.2, Абдыгалиева А.К.3
1Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, техника ғылымдарының кандидаты
2Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, магистранттар
3Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, магистранттар

Аннотация
В статье говорится о рациональном использовании богатств недр нашей Родины на примере использования путей модернизации при эксплуатации Карачаганакского перерабатывающенго комплекса, показаны проектные решения достижения этих целей.
Akhmetzhan Samal Zakiқyzy1, Қoysheken BT2, Abdigalieva AK3
1Khan West Kazakhstan Zhangir, Agro-Technical University, Candidate of Technical Sciences
2Khan West Kazakhstan Zhangir, Agro-Technical University, undergraduates
3Khan West Kazakhstan Zhangir, Agro-Technical University, undergraduates

Abstract
This article tells about rational use of minerals wealth of our Country by example of modernization ways during the operation of Karachaganak Processing Complex, and was given the design decisions for these achievements.

Рубрика: 05.00.00 ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ

Библиографическая ссылка на статью:
Ахметжан С.З., Қойшекен Б.Т., Абдыгалиева А.К. Батыс Қазақстан өлкесіндегі жанар-жағармай тапшылығын Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орнындағы «Қарашығанақ өңдеу кешені» базасында шешімін табу жолдары // Современные научные исследования и инновации. 2013. № 2 [Электронный ресурс]. URL: https://web.snauka.ru/issues/2013/02/21957 (дата обращения: 18.04.2024).

Аннотация

Бұл мақаламда өңіріндегі жер асты байлығы мен өндірістік мүмкіндіктерді өлке экономикасына тиімді пайдалану жоладары көрсетілген. Көп шығын жұмсамай-ақ өнімді өндіру жолдарының жобалары қарапайым тірек сызбалары түрінде оқырманға түсінікті ретінде берілген.

2012 жылғы 14-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында Мемлекет басшысы –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан–2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекетті дамытуда үш баламасыз шешімді атап берді: 1) қазір бізге шынайы кіріс әкелетін индустрияға барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып қолдау көрсету; 2) экономиканы үздіксіз жаңалау және әртараптандыру; 3) инновацияны дәйекті түрде қалыптастыру [1].

Бұл үш бірлікті есеп «Қазақстан – 2050» стратегиясын алдағы онжылдықта жүзеге асырудағы ұдайы қадамдар [1].

«Әлемдік сараптама көрсеткендей, техникалық жаңғыртулар негізгі қорлардағы еңбек өндірісін 30-40 пайызға ұлғайтады. Өкінішке қарай, бізде Кеңес Одағынан қалған барлық технологиялық жиынтықтарымыз ескірген, сондықтан индустриалды-инновациялық процесстер осы мәселелерді шешуге жұмсалмақ. Қазақстан ғаламдық үрдіске ілесуі керек. Елімізге отандық иноваторлар қажет, оларды тауып дайындамасақ, алға қойған мақсаттарға жету қиын болады», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев [1].

Қоғамымыздағы барлық іс әрекеттер жанар-жағармайға да байланысты, себебі біздің өмір сүру барысымыздағы қозғалыстар соның арқасында жүретін техникалармен іске асады. Мысалға, алыс-жақын орналасқан елді мекендерге азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар автомобильдермен, темір жолдарымен немесе ұшақтармен жеткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, жанар-жағармай экономикамызды қозғалысқа келтіретін тетіктердің бірі болып табылады.

2007 жылы Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыттарында: АНПЗ, ШНОС, ПНПЗ – 12 млн.т мұнай өңделді, оның 6,2 млн.тоннасы Ресейге экспортталды.

Қазіргі таңда мұнай өңдеу зауыттарын техникалық модернизациялау қиындығы Қазақстан үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Біздің еліміз жоғары октанды бензинді өңдеу жөнінен 40-шы орында орналасқан және Ресейден келетін импортқа тәуелді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясында өндірілетін авиакеросинге, майларға, битумға және т.б. тәуелділігі жоғары.

Қазақстанның батыс өлкесінде орналасқан Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орны көмірсутектердің кең диапазондағы түрлеріне өте бай. Мұнда оларды кен орнында кәсіпшілік дайындауға арналған Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК), Газконденсатты кешенді дайындау қондырғысы – 2, 3 (ГКДҚ – 2,3) сияқты инфрақұрылымдар өте жақсы дамыған. Соның ішінде ҚӨК күкіртсутегі мен басқа да заттардан тазартылып тұрақтандырылған мұнай конденсатын экспортқа шығарады. Бұл зауыттағы мұнай конденсатын тұрақтандыру желісін келесідей 1 тірек сызба түрінде көрсетеміз [2]:

1тірек сызба: Конденсатты өңдеу желісінің қарапайым тірек сызбасы

Конденсатты тұрақтандыру аумағында мұнайгазконденсат қоспасы алдымен электр өрісі әсері мен тұщы су араластыру арқылы сусыздандырылады және тұзсыздандырылады, содан кейін жоғары температураның көмегімен тұрақтандыру бағанында газсыздандырылады. Зиянды күкіртсутегінің басым бөлігі осы газсыздандыру үрдісі кезінде газбен бірге ілесіп кетеді де, қалған қалдығынан тазарту ары қарай конденсатты бөлу аумағында жүзеге асады [2].

Конденсатты бөлу аумағында сусыздандырылған, тұзсыздандырылған, тұрақтандырылған мұнай конденсаты тұрақтандыру бағанындағы температурадан да жоғарырақ температурада қайнатылып, конденсатты бөлу бағанында ауыр мұнай қалдығы мен кең фракциядағы жеңіл көмірсутектер – газолинге бөлінеді. Бөлінген газолинмен бірге тұрақтандыру аумағында тазартылмаған күкіртсутегі қалдығы мен меркаптандар ілесіп кетеді. Ауыр мұнай қалдығы дайын өнім ретінде мұнайды экспорттау аумағындағы сыйымдылықтарға бағытталады [2].

Газолинді тазарту аумағында құрамында күкіртсутегі мен меркаптандары бар газолинді 7-14% натрий гидроксиді ерітінділерімен экстракциялау арқылы тазартады. Ал, экстракция үрдісі кезінде натрий гидроксидінде еріген меркаптандар ауа қосу арқылы тотықтырылып, тотығу кезінде түзілетін дисульфид майлары тазартылған газолинмен бірге конденсатты бөлу аумағынан шыққан ауыр мұнай қалдығымен қосылып, мұнайды экспорттау аумағындағы сыйымдылықтарға бағытталады [2].Егер жоғарыда келтірген 1 тірек сызбаны өзгертсек:

2тірек сызба: Конденсатты өңдеу желісінің өзгертілген қарапайым тірек сызбасы

онда, тазартылған кең фракциядағы жеңіл көмірсутектер – газолинді ары қарай тікелей айдау жолымен, көп шығын жұмсамай-ақ тұрмысымызға қажетті әр түрлі жанармай түрлерін алуға болады [3].

Бұл мақала бойынша қорыта келгенде: аталған өзгерістерді енгізген жағдайда газолинді тікелей айдау технологиясымен әлемдік талаптарға сай келетін жанармай түрлерін шығару арқылы өлкемізді сапалы және арзан отын түрімен қамтумен қатар, шыққан өнімді Қазақстанның басқа да өлкелеріне де немесе шет мемлекеттерге де шығаруға болады. Ал, бұл өз кезегінде облыс қазынасына қосымша түсімдердің түсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді [3].


Библиографический список
  1. «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ –ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ / Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан газеті – 15 желтоқсан 2012 ж. – 1 – 8 б.
  2. КПО б.в. компаниясы, Қарашығанақ өңдеу кешенінің технологиялық регламенті ( 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілген нұсқасы)./АО «Аксайгазсервис» ; – г.Аксай,2011 – 374 с.
  3. Лефлер Уильям Л. Переработка нефти/ Уильям Л.Лефлер.– М. : ЗАО «ОЛИМП-БИЗНЕС»,1999.– 224 с. – ISBN 5-901028-05-8.


Количество просмотров публикации: Please wait

Все статьи автора «bolatbek»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться:
  • Регистрация